КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-07-03

«Астана – ұлт жүрегі»

6 – шілде Астана күніне орай кітапхана бірнеше іс – шараларды ұйымдастырып өткізді. Атап айтсақ, кітапханада облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, облыстық филармонияның ұлт аспаптар оркестрі, жалпы оқырмандар және кітапханашылардың қатысуымен «Астана – ұлт жүрегі» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды.

Кешті кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі З.Джунусбекова ашып, кеш қонақтарымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, кітапханада жасақталған «Астана – ел жүрегі, ел тірегі» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.  Астана тарихы жөнінде көпшілік іс – шаралар секторының меңгерушісі Г.Умиралиева баяндама оқыса, соңынан Интернет бөлімінің қызметкерлері қазіргі таңдағы Астана келбеті жөнінде «Арман қала - Астана» атты бейне фильм ұсынды.

Облыстық филармаонияның ұлт аспаптар оркестрі патриоттық әндер мен жалпы әйгілі классикалық әндерді шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Кеш соңында облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелеріне сөз беріліп, қариялар құттықтау сөздері мен алғыстарын білдіріп жатты.