КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-08-24

«Education USA Undergraduate College Preparation Summer Camp – 2015

2015жылдың 17-23 тамыз аралығында бөлімде «Американдық орталық» «Education USA» бағдарламасы аясында «Education USA Undergraduate College Preparation Summer Camp – 2015 (Лагерь по подготовке к поступлению в Американские Вузы - 2015», «Американың ЖОО-на оқуға түсуге дайындық бойынша 2015-жазғы лагері» өткізілді.

Жазғы лагерьге ОҚО бойынша 9-10 сынып оқушылары қатысты. Лагерге қатысушылар екі кезеңнен тұратын сынақ арқылы іріктелді. Бірінші кезеңде оқушылар TOEFL бойынша тест тапсырып, екінші кезеңде сұхбат өткізілді. 40 талапкердің ішінде екі кезеңнен сүрінбей өткен 20 оқушы лагерге қатысуға жолдама алды. Лагерь Алматы қаласындағы АҚШ консульдігінің қаржылай қолдауымен өткізілді. Лагерде еліміздің өзге қалаларынан келген білікті мамандар семинар сабақтарын жүргізді. Сабақ 10:00-17:00 аралығында өткізілді. IELS-ке дайындық бойынша Татаьяна Летянкина, SAТ бойынша Мирас Шакенов пен Жазира Карабалаева сабақ жүргізді.

АҚШ  консульдігінің қызметкері Зауре Аманжолова жазғы лагерьдің ашылу салтанатына қатысып, балаларға арналған «New ways to enter top public US universities» және «Public speaking skills» тақырыбында баяндама жасады. Татаьяна Летянкина IELS және TOEFL тест жинақтары бойынша 2 күн сабақ жүргізді. Сонымен қатар Алматы консульдігі және Астана қаласындағы АҚШ елшілігімен тікелей конференциялар жүргізіліп отырды.