КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-08-11

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе»

2015 жылдың 10 тамыз күні ұлы ойшыл, дарабоз ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай Шымкент қаласы Абай саябағындағы ескерткіші жанында «Абай есімі мәңгілік» атты мәдени іс – шара өтті. Жиналған қауым А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты кітап көрмесімен танысып, сонан соң бір топ зиялы қауым өкілдеріә Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


2015 жылдың 10 тамыз күні ұлы ойшыл, дарабоз ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай Шымкент қаласы Абай саябағындағы ескерткіші жанында «Абай есімі мәңгілік» атты мәдени іс – шара өтті.

Жиналған қауым А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастырған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты кітап көрмесімен танысып, сонан соң бір топ зиялы қауым өкілдеріә Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


Шымкент қалалық әкімдігінің және облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген іс – шараға ғалым Мекемтас Мырзахметов, әдебиет зерттеушісі, профессор Әмір Мұсақұлов, ақын, К.Симонов атындағы сыйлықтың иегері Нармахан Бегалыұлы, көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері Мархабат Байғұт, Қазақстанның құрметті журналисі Байдолла Қонысбек, тағы басқалар ұлы ақын Абай хақында сыр толғап, терең таңлымды әңгімелер шертті.

Кеште Абайдың өлеңдері және қара сөздері оқылып, әндері шырқалды.