КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-10-03

«Отбасы – өмір аясы»

«Отбасы – өмір аясы» Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады деген. Міне осы тақырыпта А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Отбасы – өмір аясы» атты пікір – сайыс кешін өткізді.


«Отбасы – өмір аясы»

 

Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады деген. Міне осы тақырыпта А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Отбасы – өмір аясы» атты пікір – сайыс кешін өткізді.

Кешке «Ынтымақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гаухар Төлепова, әжелер қауымы, облыстық адвокаттар Кеңесінің заңгері Гүлмира Мырзахметова, кітапхананың зейнеткер оқырмандары Гаухар Исаева, Бибажар Бекболатова және ОҚМПИ – ның филология факультетінің оқытушылары Құрбанов Ағапатша, Шара Әділова, сондай – ақ, осы оқу орнының 1 курс студенттері қатысты.

Іс – шара барысында әжелерімізге бақытты отбасы болу үшін не қажет, ене мен келін арасындағы байланыс және немерелерін жақсы қаиеттерге, кішіпейілділікке, бауырмалдыққа тәрбиелейтін, ертегісін айтып бере отырып, адами қасиеттерге баулитын әжелер қазіргі заманда бар ма? деген сұрақтар қойылса, заң қызметкері адвокат ханымға қазіргі кездегі жастардың тез ажырасып кету мәселелері, сондай – ақ азаматтық неке жөнінде сұрақтар қойылды.


Өмірдегі көргені мен практикадан алынған тәжірибелерін айта отырып, қатысушы орта және үлкен буын өкілдері жастарға үлгі – өнеге болатын ақыл – кеңестерін айтты. Әрине «Үйлену оңай – үй болу қиын» - деп айтқандай дана халқымыз, кеш қонақтары қатысушы жастарға отбасы ата-ана мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады, отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек, сондай – ақ ұлттық салт – дәстүр мен құндылықтарымызды дәріптеу, келешек ұрпақты кітап оқып, көркем әдебиетке баулуды тілге тиек етіп, кеңестерін айтты.


Кеш барысында іс – шара қатысушыларына «Отбасы құндылықтары» атты бейне баян көрсетіліп, «Отбасы – өмір аясы» атты кітап көрмесі ұсынылды.