КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-09-24

«Ана тілі – жүректің үні»

«Ана тілі – жүректің үні» А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 22 – қыркүйек Қазақстан халықтары тілдері күніне орай «Ана тілі – жүректің үні» атты мерекелік кеші ұйымдастырылды. Кешке Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімі, «Қоғамдық келісім» орталығы, Оңтүстік Қазақстан облыстық этно мәдени орталықтары, филологтар, ЖОО - ның студенттері, № 7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп- лицейінің оқушылары қатысты.


«Ана тілі – жүректің үні»

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында   22 – қыркүйек  Қазақстан халықтары тілдері күніне орай  «Ана тілі – жүректің үні» атты мерекелік кеші ұйымдастырылды. Кешке Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімі, «Қоғамдық келісім» орталығы, Оңтүстік Қазақстан облыстық этно мәдени орталықтары, филологтар, ЖОО - ның студенттері, № 7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп- лицейінің оқушылары қатысты.  Шымкент қалалық тілдерді дамыту бөлімінің тілдерді дамыту секторының меңгерушісі Сәкен Әбдіжаппар үш тұғырлы тіл туралы, ҚР «Тіл туралы заңы» және қаладағы көше атауларының мемлекеттік тілде дұрыс жазылужөнінде баяндама оқыса, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ – нің этно – мәдени бірлестіктермен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Алиев Алишер Ысқақұлы тілдің қасиеті, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеруі, Халықтар Ассамблеясының – 20 жылдығына орай атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде тоқталып кетті, Қазақ инженерлі – педагогикалық Халықтар Достығы университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ақылбаева Гүлнар Исламқызының баяндамасында қазақ тілінің алуантүрлілігі мен тарихына жете  тоқтап өтті.


№ 7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп – лицейінің оқушылары Құлнияз Арман, Кеңесхан Рамазан, Пернебай Ағжан, Түлкібаева Жансая, Ашимбекова Аружан тіл туралы М.Шахановтың, А.Байтұрсыновтың өлеңдерін, сонымен қатар өз шығармаларынан тіл туралы арнауларын оқыды.

Кеште сондай – ақ, Поляк мәдени орталығының өкілі  Белошецкая Елена Евгеньевна Поляк ақыны Адам Мецкевичтің «Река родимая» өлеңін, Шешен мәденит орталығынан Джакалаева Карина Рамазановна «Шешен әйелі» өлеңін (орыс тілінде), «Возрождение» неміс мәдени орталығының Даниленко Нелли Павловна Гете Фаустоның шығармасынан үзінді (неміс тілінде) оқыды. Кітапхана директоры Ш.Динасилова іс – шараны қорытындылап, қатысушыларға алғыс хаттар ұсынды.