КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-10-13

Жасөспірімдер қылмысымен күрес – қоғамдық іс

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазак айтқандай, бүгінгі жастар еліміздің болашағы, қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты.Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, өз елі,Отаны, ұлты үшін қызмет етуге парыздар! Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі- жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқық бұзушылықпен күресу.


«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазак айтқандай, бүгінгі жастар еліміздің болашағы, қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де жастарға тікелей байланысты.Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, өз

елі,Отаны, ұлты  үшін қызмет етуге парыздар! Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі- жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және құқық бұзушылықпен күресу.


Осы мәселеге байланысты ОӘҒ Кітапханасында «Заңгер» клубы мен обл «Жастар» орталығы бірлесіп «Жасөспірім қылмысымен күрес- қоғамдық іс» атты дебат түрінде іс-шара өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын ала отырып, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, олардың бойына отансүйгіштік, бауырмалдық  қасиеттерін сіңдіру, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың осуіне жол бермеу.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қайтсе азаяды? Оларды қалай қадағалаймыз? Жасөспірімдерді қылмысқа не итермелейді? Құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? деген сұрақтарға жауап ізделініп,  кешке қатысып отырған қонақтар өз ойларын ортаға салды. Ішкі істер бөлімінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан, отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі ойластырылмаған, өздеріне  өздері бас боп жүрген  балалар  жатады.. Жасөспірімдер  арасындағы  қылмыс қашан да  ұлттық тұтастығымызға, ел болашағына  қауіп  төндірері  сөзсіз. Соңғы  кездері   жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылық  азаймай  отыр.


      Пікір-сайыс кешінің қонағы, Түркістан каласының «ИДН»полиция капитаны Жүсіпов Нұрлан мырза :Әр ата-ана баласын кешкі сағ 22.00 ден кейін кошеге шығармауы тиіс! Шығарған жағдайда ата-анаға айыппұл салынады.Бала үшін ата-ана жауапты. Қылмыстың көбеюіне міне осы кісілердің де қатысы бар»-деп ащы болса да ойын жеткізді.Жастар орталығының дебатшылары Дүйсенбиев Жансерік пен Құрманбеков Нұрғиса: Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы, ол – әр көшеге, әр аулаға, мектептерге бақылау камерасын орнату керек. Түнгі полицейлерді көбейту керек, баланың күнделікті ісіне бақылау жасап, ойына, жүрегіне үңіле білу керек. Міне, бұл да кішкене болса да қылмысқа тосқауыл, деп пікірлерін ортаға салды.

Қорытынды сөзді полиция подполковнигі Ж.Бектайұлы (зейнеткер) М.Шахановтың

Сен жыладың, жігітім,

Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,

Қайтпады деп жұртқа еткен жақсылығым.

Сен жыладың жігітім: 

Аңғармай қалдым орды деп,

Қадамым сәтсіз болды деп,

Бір қатты соққы алдым деп,

Бақытсыз болып қалдым деп. – деген өлең шумағын оқып, жастарды Мартин Иденнің, Нығмет Мыңжанның кітаптарын оқуға шақырды. Бұл кітаптардың тәрбиелік мәні өте зор екенін атап айтты.


Адвокаттар алқасының адвокаты, заңгер, Г.Мырзахметова: Осындай іс-шара ұйымдастырып отырған кітапхана ұжымына алғысын айта отырып, жастардың осындай кештерден қалмауын сұрады. Сендер осы Отанның, осы мемлекеттің  ұрпағысындар, тірегісіңдер! Өмірдің келешегі сендерге байланысты!- деп жастардың патриоттық сезімін оятты.

Дебат өте қызықты, мағыналы, мәнді өтті.

 Өркендер елдің баласы-

Біріне- бірі жанашыр.

Кешіріп, қолдап бір-бірін

Қызғанбас болар күн нұрын,

Ел деген бұлғын ішіктің

Бірі-жең, бірі- жағасы.

Өшетін елдің ұлдары

Өз - өздерімен жауласар.

Келіспей жоқтан өзгеге

Жағаларына жармасар.

Фариза апамыздың осы олең шумагы жастарымызға ой салар ма екен?!

 

Айнұр Бектаева
А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК кітапхана