КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-10-22

Жеңісті жақындатқандар

Биылғы жыл ауқымды іс – шараларға бай жыл болғаны баршаға мәлім. Соның бірі, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы республика бойынша кең көлемде аталып өтсе, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы да, атаулы мерекені жыл басынан бері ұйымдастырып келеді. Қазан айында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған жылдың қорытынды іс – шарасы ретінде, Облыстық ардагерлер кеңесімен бірлесіп «Жеңісті жақындатқандар» атты кездесу кешін өткізді.


Биылғы жыл ауқымды іс – шараларға бай жыл болғаны баршаға мәлім. Соның бірі, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы республика бойынша кең көлемде аталып өтсе, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы да,  атаулы мерекені жыл басынан бері ұйымдастырып келеді. 

Қазан айында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған жылдың қорытынды іс – шарасы ретінде, Облыстық ардагерлер кеңесімен бірлесіп «Жеңісті жақындатқандар» атты кездесу кешін өткізді.


Кешке Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл және еңбек ерлері, Облыстық Ардагерлер кеңесі, зиялы қауым өкілдері, облыстық жастар орталығы, «Ерлік» мұражайы, облыстық мұрағат қызметкерлері, «Өрлеу» білім жетілдіру институтының оқытушылары және жастар қатысты.

Ардагерлерімізді № 35748 әскери бөлімінің оркестрі «Жеңіс күні» маршымен қарсы алып, сарбаздар патриоттық әндер шырқады.

Кеш барысында ардагерлеріміз бен ел ағалары Отанымызды қорғаған ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен күндерін баяндап, келешекте жастарымыздың бақытты өмір сүріп, бейбіт еліміздің аспаны ашық, береке мен бірлікте өмір сүруді, сондай – ақ, әрбір қазақстандық азамат өз отанын сүйіп, өз елінің патриоты болуын тіледі. 


ОҚМПИ-нің тарих пәнінің мұғалімі, т.ғ.к., доцент Анарбай Қайрат Сапарханұлы 1941 – 1945 жылдардағы соғыс, оның зардаптарын, соғыстың әлі күнге дейін ашылмаған тұстарын зерттеуге тарихшыларымыз бен жастарымызды шақырса, «Ерлік» мұражайының меңгерушісі Құдайбергенова Ақмарал мұражай жетістігі жөнінде, облыстық мұрағат қызметкері Райгүл Хазретәліқызы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген іс – шаралары жөнінде маңызды баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар, № 7 Қ.Сыпатаев атындағы мектеп – лицейінің оқушылары мен Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің 2 – курс студенті Ашимова Жансая Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлеріміздің ерлігі, жеңіс жайлы өлеңдер, арнаулар оқып, ардагерлеріміздің алғысын алып жатты.


Іс – шараға қатысушы қауымның патриоттық сезімдері оянып, жастар ардагерлерімізге Ұлы жеңістің 70 жылдық мерекесін тойласақ, бейбіт елімізде Жеңістің 80, 90 жылдық мерекесін атап өтуге лайым жазсын, ардагерлеріміз 100 жасасын деген тілектерін білдіріп жатты.

 А.С.Пушкин атындағы обылстық

әмбебап ғылыми кітапханасы,

көпшілік іс – шаралар секторы

Г.Өмірәлиева