КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-11-19

«Немцы Казахстана» атты жылжымалы көрме

2015 жылы қарашаның 13 күні А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Возрождение» неміс этномәдени орталығы «Немцы Казахстана» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанатын өткізді. Аталмыш көрме Қазақстанның неміс қоғамдық бірлестігі Ассоциациясының бастамасымен, Германия Федеративтік Республикасының Астанадағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шара мақсаты: Шымкент қаласы тұрғындарын ХІХ ғасырдан бастап қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы неміс халқының тарихы және мәдениетімен таныстыру. Қазақстандағы неміс халқының тарихы мен мәдениеті иллюстрацияланған, тарихи құжаттар және түсініктемелер берілген 15 бөлімнен тұрады. Қазақстан экономикасы мен қоғамның жаңғыруына, қазақстан-герман және халықаралық қатынастардың дамуындағы «Возрождение» ҚНҚБА-ң жан-жақты қызметіне ерекше назар аударылған.

Жылжымалы көрме қараша айының соңына дейін турады.

         Көрменің ашылу салтанатында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі – Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы, славян, иран, грузин этномәдени орталықтарының төрағалары, поляк, армян, корей этномәдени орталықтарының өкілдері, неміс диаспорасы, ҚИПХДУ-нің «Шет тілдер» факультетінің студенттері, БАҚ өкілдері – «Южный Казахстан» газетінің тілшісі Алексеева Оксана, «Қазақстан-Шымкент», «Айғақ», «TVK» телеарналарының тілшілері қатысты.