КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2010-07-12

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ж.Молдағалиевтің «Мен Қазақпын» поэмасын оқу, талдау, талқылау.

А.С.Пушкин     атындағы      облыстық      әмбебап  -   ғылыми   кітапханасының    ұйымдастыруымен    «Бір  ел – бір  кітап»  акциясы  аясында  Ж.Молдағалиевтің


А.С.Пушкин     атындағы      облыстық      әмбебап  -   ғылыми   кітапханасының    ұйымдастыруымен    «Бір  ел – бір  кітап»  акциясы  аясында  Ж.Молдағалиевтің  «Мен   Қазақпын»  поэмасын оқу, талдау, талқылау.

Өткен  күні: 29.07.2010.

Өткен  орны:   А.С.Пушкин атындағы  ОӘҒК  оқу  залы.

Сағат  15. 00                                                   

2007  жылдан  бастап  Халықаралық  оқу  конгресінен  бастау  алған «Бір  ел– бір  кітап»  акциясы  өз  жалғасын  табуда.

Жобаның  мақсаты – оқуды  жандандыру  жөніндегі  бағдарламаны дамыту,  сауаттылық  пен  оқу  мәдениетін  қолдау,  рухани  мұраны  сақтау,  ана  тіліне  деген  қамқорлықты  күшейту,  сондай – ақ,  жастарға  адамгершілік  және  патриоттық  тәрбие  беру.

Оқырмандар  Абайдың  «Қара  сөзін»,  М.Әуезовтің  «Қилы  заман»  повесін,  М.Жұмабаевтың  махаббат  лирикасын  жаңа  қырынан  таныды,  оның  әдеби  құндылықтарына  ерекше  баға  берді.

Биыл  ұйымдастыру  комитеті  мүшелеріне  кітапханашылар  мен  оқырмандар  лайық  деп  санаған,  акция  кезінде  жалпы  ұлттық  оқуға  тұрарлық  бірнеше  шығармалар  ұсынылған.  Нәтижесінде,  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  және  туғанына  90  жыл  толатын  Жұбан  Молдағалиевтің  «Мен - Қазақпын»  мәңгілік  поэмасына  тоқтады.  Осылайша  «Бір  ел – бір  кітап»  акция  аясында  2010  жыл  Жұбан  Молдағалиевтің  «Мен - Қазақпын»  поэмасын  оқу  болып  таңдалды.                                                              

Қатысушылар: «Оқырмандар отауының» мүшелері, ақын – жазушылар,  әдебиетшілер, кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері.

Мақсаты: «Мен  Қазақпын»  поэмасын  насихаттай  отырып, ұлттық    құндылықтарымызды, тарихты  ұмытпауды, сақтауды  және  жастардың   бойында  патриоттық  сезімдерін   ояту,  отансүйгіштікке, достыққа,    махаббатқа, еңбекқорлыққа,  мейірімділік   пен  жақсылыққа,   үлкенді   сыйлау   қасиеттеріне  баулу  болып  табылады.

Іс – шара барысында  Ж.Молдағалиевтің шығармалары бойынша «Мен Қазақпын» кітап көрмесі, слайд арқылы шолу, әнші Е.Құдайбергеновтың «Мен Қазақпын» клипі ұсынылады.