КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-11-24

«Қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз»

20 қараша күні 2015 жылы Мерзімді басылымдар залында «Сырласу» жастар клубының ұйымдастыруымен «Қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» атты пікір – алмасу кеші өтті.


  20 қараша  күні 2015 жылы   Мерзімді басылымдар залында «Сырласу» жастар клубының  ұйымдастыруымен «Қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» атты  пікір – алмасу кеші  өтті.  

 Іс – шараға  клуб  мүшелерімен бірге  М. Әуезов  атындағы  ОҚМУ – нің  дене тәрбиесі және спорт факультетінің ІV- курстың 3 студенті,  М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  биология  ғылымдарының  кандидаты, аға  оқытушы -  Мыңбаева Роза Ордабекқызы  және биология  факультетінің аға оқытушысы – Мырзабаева Жанар Калиуллаевна және Қалалық «Ынтымақ» этносаралық бірлестіктің құрметті әжелері қатысты.


  Шараның мақсаты: Ұлттық құндылықтарды ұғынып, қыз баланы, ата-ананы қадірлей білуге және олардан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын нәзік ару, қамқор ана, қайратты жан қалыптастыру.    

 Бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңінде қыз балаларды жан-жақты етіп тәрбиелеу мақсатында қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы  тереңірек мағлұмат беруге Анарбайқызы Айсұлу, Ахметова Роза Абдуллақызы, Шымырбаева Шарипа Тұрғанбекқызы деген  әжелерімізге сөз берілді.

  Кеш барысында  - «Қыздар сұлу көрінер, қылығымен» атты бейнеролик көрсетілді, викториналық сұрақтарға  жауап беріп, мақал-мәтелдерді талдай отырып,  жастар       көп нәрсені ұғынып, әрқайсысының санасына ой түйінделіп, ойларын ашық айтып, пікірлерін  терең жеткізіп, белсене қатысып, ат салысып отырды.



Эликбаева Гүлшырын, Пернебай Нұргүл  -  «Біз қоғамның белсенді мүшесі екенімізді ұғынып, адал достықты, таза махаббатты түсінуге,өнерге, мәдениетке, өткен тарихқа, отаншылдыққа деген көзқарасымызды  қалыптастыруымыз керек. Себебі, қазіргі қоғамдағы жат қылықтардың көбеюі бізді қатты толғандырады» -  деп сөздерін аяқтады.

    Іс – шараның тиімділігі: Қыз баланы тәрбиелеу арқылы біріншіден, ұлттығымызды сақтаймыз, екіншіден, мемлекеттік отбасы мәселесін шешеміз, үшіншіден, қоғамдағы әр түрлі жат қылықтардан сақтау, қорғау мақсатында болашақ жас ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар береміз.