КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2015-12-02

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдығына орай «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты әдеби жыр кеші

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 27 қараша күні «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты әдеби жыр кеші өтті. Кешке облыстың зиялы қауым өкілдері, ғалым, ф.ғ. докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, әдебиеттанушы Саттар Өмірзақ, ақын, түркітанушы Сәрсенбек Сахабат, «Хакім Абай» музейінің қызметкерлері, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Абайтану» ғылыми оқу орталығының қызметкерлері Тұрдыбай Қалдыбаев, Сейдалы Оразалиев, әдебиетші Рәтбек Жүсіп, жоғары оқу орындарының қазақ тілі және әдебиет факультенінің оқытушылары мен студенттері, кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатысты.


А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 27 қараша күні «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»  атты әдеби жыр кеші өтті.

Кешке  облыстың зиялы қауым өкілдері, ғалым, ф.ғ. докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, әдебиеттанушы Саттар Өмірзақ, ақын, түркітанушы Сәрсенбек Сахабат, «Хакім Абай» музейінің қызметкерлері, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Абайтану» ғылыми оқу орталығының қызметкерлері Тұрдыбай Қалдыбаев, Сейдалы Оразалиев, әдебиетші Рәтбек Жүсіп, жоғары оқу орындарының қазақ тілі және әдебиет факультенінің оқытушылары мен студенттері, кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатысты.


Іс – шара, Абайды өнерде сомдап жүрген Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының әртісі, мәдениет қызметкері Өтеп Сапар ағамыздың монологымен басталды.

Алғышқы сөз ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметовке беріліп, өз сөзінде Мекемтас ағамыз Абайдың қара сөздерін мысал ретінде келтіріп, қазіргі замандағы материалдық құндылықтардың өмірде қалатынын, ал рухани байлық ешқашан сарқылмайтынын атап кетті. Студенттер Мырзахметов Мекемтас ағамызға сұрақтар қойып, пікір алысуға ұласты.

Абайтанушылар баяндамаларында ұлы ойшылды танудағы ғылыми зерттеулеріне тоқталып өтсе, студенттер ақынның өлеңдері мен әндерін орындады, сондай – ақ, Қазақ инженерлік – педагогикалық Халықтар Достығы университетінің студенті Оразбаева Сандуғаш «Абайға» атты арнауын жолдады.


Сонымен қатар, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» - кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

Іс – шара әдебиет сүйер қауым өкілдері мен жастардың көңілінен шығып, әсерлі өтті.

 

 

А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК,

көпшілік іс – шаралар секторы,

Г.Умиралиева