КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2010-08-26

№1 оқу залы : Қазақстан Республикасының - Конституцияның 15 жылдығы

Конституция осы заманғы мемлекеттілігінің маңызды белгісі болып табылады.Конституция мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Ол қоғамның өмір сүруінің саяси нысанын,


Конституция осы заманғы мемлекеттілігінің маңызды белгісі болып табылады.Конституция мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Ол қоғамның өмір сүруінің саяси нысанын, мемлекеттік органдардың жүйесін құрып, орнықтыратын, олардың қалыптасу тәртібі мен жұмыс істеу тәсілін белгілейтін, азаматтың бостандықтары мен құқықтарын баянды ететін ұзақ мерзімдік қолданыстағы акт. Заңи құжат ретіндегі Конституцияның рөлі зор. Ол- мемлекеттің ең жоғары заңи күшке ие Негізгі Заңы, яки елдің бүкіл заңнамасының негізі.

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады.

      Кітапхананың №1 залы осы 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясына арнап үлкен көрме жасады. Көрме аты: «Ел еңсесін биіктеткен Ата заң».

      Бұл көрмеде кітапхана қорындағы кітаптар, фотоальбомдар, фотосуреттер, негізгі құжаттар, библиографиялық көрсеткіштер, мерзімді басылым материалдары, цытаталар, өлеңдер, т.б.  қойылды. Қойылған материалдардың саны- 125 дана. Көрме материалдары  Конституция қамтыған қоғамның барлық салалары қамтылып, тақырып ойдағыдай ашыла көрсетілді.

«Ел еңсесін биіктеткен Ата заң»

Ата Заң- Арым,

Айбарым едің

(Ғалым Жайлыбай)

1.   Конституция –кемел келешектің кепілі

2.   Ата заңның сырлы шежіресі

3.   Республика Президенті Конституциялық құрылыстың  символы мен кепілдігі

4.   Төрт құбыланы тең қамтыған Төлқұжат

5.   Қазақстан және әлем елдері

      Қазақстан Республикасының Конституциясы тікелей қолданылатын акт ретінде өткен он бес жылда өзінің қоғам мен мемлекет өмірінің барлық  талаптарына, сұранымына толығынан сәйкес келетінін, көкейтесті экономикалық, саяси және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталғанынан байқаймыз. Конституция, оның құқықтық және саяси мүмкіндігі әлі де болса мол екенін, сол мүмкіндіктерді пайдаланып, Қазақстанның одан әрі дамуы, азаматтық қоғамның қалыптасуы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылатыны сөзсіз екені күмән тудырмайды.