КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2016-03-17

«Актрисой-воином с любовью называем...» атты әдеби-музыкалық композиция

17 наурыз күні сағ. 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітаханасының жанынан құрылған Ұлттық әдебиеттер орталығы славян этномәдени орталығымен бірлесіп атақты әнші, актриса, КСРО халық әртісі Клавдия Шульженконің 110 жылдығына арналған «Актрисой-войном с любовью называем...» атты еске алу кеші өткізілді.

Бұл іс-шараға ҚИПХДУ-нің студенттері (12 адам),  Г.Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясынан (24 адам) оқушылар мен ұстаздар қатысты.      
Шара барысында көрермендерге «Шаттық» ардагерлер хоры, облыстық славян орталығының және Шымкент қаласының казак хоры,                 Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның  жанынан  құрылған  орыс  халық аспаптары ансамблі Клавдия Шульженконің    репертуарындағы әндерді орындап, бейнекөрсетілім арқылы әртістің өмірі мен шығармашылығы  таныстырылды.

Кеш соңында викториналық сұрақтар койылып, белсене қатысушылар мен ұтымды жауап берушілерге қалалық мәдени бөлімінің арнайы сыйлықтарымен марапатталды.