КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2016-03-18

«Ай-Зер» және «Наурыз-Думан» мерекелік кеші

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз-Думан» мерекелік және кітапханалық «Мәңгілік ел» таным – тағылымдық, әдеби-мәдени шығармашылық бірлестігі аясында өтетін ақын Арайлым Мұратәлиеваның «Ай-Зер» атты жыр жинағының тұсаукесер кеші өтті.

«Наурыз-Думан» мерекелік кеш аясында «Ынтымақ! Этно-мәдени бірлестігінің жанынан құралған «Әжелер алқасы» және кітапхана қызметкерлерінен құралған «Береке» әжелер тобы арасында, әжелер сайысы өтті.

Ұлтымыздың салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, әжелеріміздің ғибратты әңгімелері кешке келген көпшілікке үлкен ой салды. Шымкент қалалық мүгедектерді оңалту орталығынан келген қонақтар Ермек Қалымбетов, Айжан Жакулаева арбада отырып билеген билерімен көпшілікті тәнті етті.

Әжелер сайысының ізін ала жас ақын арайлым Мұраталиеваның алғашқы жыр туындысы «Ай-Зер» кітабының тұсау кесері өтті.

Кітаптың шығуына тікелей ықпал еткен, демеушілік жасаған ұлтжанды азамат, қоғам қайраткері, әнші-сазгер жерлесіміз Әкім Ысқақ кешке арнайы қонақ ретінде қатысты. Кітаптың тұсауын зиялы қауым өкілдері, әдебиет алыптары Кендебай Ахат, Қабылбек Төретай, Әкім Ысқақ сынды мырзалар кесті.