КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2016-04-26

«Жеңісті жақындатқандар»

Ұлы Жеңіс күніне де санаулы күндер қалды. Осы орайда кітапханада «Жеңісті жақындатқандар» тақырыбында ардагерлермен кездесу кеші өтті.


Ұлы Жеңіс күніне де санаулы күндер қалды. Осы орайда кітапханада «Жеңісті жақындатқандар» тақырыбында ардагерлермен кездесу кеші өтті.

Кешке Тыл ардагері, дербес зейнеткер, Шымкент, Арыс қалаларының құрметті азаматы Медеуов Шерім атамыз, ОҚО көпсалалы колледжінің директоры Тағаев Жәнібек мырза, Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының бөлімше басшысы Жазира Ерғазықызы, сондай – ақ қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.


Іс – шараның мақсаты, жиналған жастарға Ұлы Отан соғысы жылдары ерлік көрсеткен, күннен күнге саны азайып бара жатқан ардагерлеріміздің ерлігі жайлы баяндау, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Шерім атамыз Отанымызды қорғаған ерлікке толы жылдарды, азаттық үшін күрескен күндер мен тылда қызмет еткен азаматтарымыздың еңбектері жөнінде, көзге еріксіз жас алатын қызықты сәттерді баяндап берді.

Іс – шараға қатысушы жастар ардагер атамызға сұрақтар қойып, өз арнау өлеңдерін тарту етіп жатты.
Кешке қатысушы қауымның патриоттық сезімдері оянып, бейбіт елімізде Жеңіс мерекесі жылсайын атап өтіле беруін тіледі.