КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2016-07-08

«Жүрегімнің түбіне терең бойла....»

Бүгін 8 шілде күні, облысымызда орны бөлек беделді рухани орын, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жүрегімнің түбіне терең бойла....» атты тағы бір ізгілік кеші өтті. Мейірімділік кешінің басты мақсаты тал бесікте іңгәләп өмірге келгеннен тағдырдың салған қатал сынына түссе де мойымай, қалам тербеп, жүректің жылылығын сақтай білген Ербек Бакиев пен Айдана Жораеваны қалың оқырманға таныстыру,табыстыру.


Бүгін 8 шілде күні, облысымызда орны бөлек беделді рухани орын, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жүрегімнің түбіне терең бойла....» атты тағы бір ізгілік кеші өтті.
Мейірімділік кешінің басты мақсаты тал бесікте іңгәләп өмірге келгеннен тағдырдың салған қатал сынына түссе де мойымай, қалам тербеп, жүректің жылылығын сақтай білген Ербек Бакиев пен Айдана Жораеваны қалың оқырманға таныстыру,табыстыру.

Талантты өр ұландар Қазақ дейтін қайсар халықтың ұл-қызы. Рухы мықты жанның басына қандай жағдай түссе де жасық, боркемік болуы мумкін емес. Осындай жандардың шығармашылықтарын көпшілікке таныстыра отырып, кітапхананың «Біз біргеміз» атты мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға бағытталған бағдарламасы аясында жарық көрген «Тәуелсіздік-бақытымның бастауы» атты Ербек Бакиевтің жыр жинағы мен «Өмір үзінділері» атты Айдана Жораның новеллалар жинақтарын қалың оқырманға насихаттау, өмірдің қарлы боранымен қатар шуақты күндерінің бар екендігін және арайланған ақ таңның күлімдеп атып, нұрлана батуы тек адамның өзіне байланысты екенін дәріптеу.


Ізгілік кешіне Қазақстан журналистер одағының мүшесі,жас жазушы Гулдария Әшірбекова,ақын Дәркен Танабаев, Әл-Фараби ауданы Әкімінің орынбасары Марат Әбдімәжитұлы, батагөй қария Тәңірберген ата, Шымкент қалалық мүгедектерді оңалту орталығының емделушілері, кітапханашы әріптестеріміз,бұқаралық ақпарат құралдарынан келген өкілдер, жалпы оқырман қауым қатысып, кеш кейіпкерлеріне ізгі ниет,ақ тілектерін білдірді.


Кітапхана қызметкерлері және кішкентай бүлдіршіндердің қатысуымен қойылған, Айдана Жораеваның «Әке» шығармасынан көрсетілген үзінді көпшілікті тәнті етті, көңілдерін босатты. Айдананың әдебиетке келуіне тікелей себепші болған, ерекше дарын иесі, жас ақын Батырхан Сәрсенхан, поэзия әлемінде өзіндік орны, жырларының жаңашыл лебі бар ақын Дәурен Айманбетов, Ербек пен Айданаға жүректерінде жатқан ыстық лебіздерін жыр шумақтарымен ұсынды. Келген көпшілік әдебиет көшіне болашақта талантына табынтар жастар легінің қосылғанына көз жеткізді.

Жалпы бүгінгі кеш мүмкіндіктері шектеулі болса да, еңбек етіп,қоғамда болып жатқан түрлі мәселелерге бей-жай қарамай өз үлестерін қосып жүрген азаматтардың қайсарлығына, еңбекқорлығына бас ию, ерік-жігерлерінен сабақ алу сәті болды.
Кеш соңында демеушілердің қолдауымен Ербек Бакиев пен Айдана Жораеваға сыйлықтар тарту етілді.