КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2016-10-08

«Оқырмандар клубы»

8 қазан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада республикалық «Оқырмандар клубы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы алғашқы филиалының ашылу тұсаукесері болып өтті. Клубтың негізгі мақсаты; оқымысты интеллектуалды ұлт қалыптастыру, кітап оқуға баулу, жастар арасында кітап оқуды сәнге айналдыру, оқыған кітаптары жайлы екі аптада бір рет бас қосу арқылы еркін форматта пікір алмасу, белгілі адамдармен кездесулер ұйымдастыру, қызықты мәліметтермен бөлісу.

Тұсаукесер шарасын кітапхананың бөлім басшысы А.С. Муртазаева ашып беріп, клуб ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, қызметтерінде табыс тіледі. Республикалық «Оқырмандар клубы» қоғамдық бірлестіктің ОҚО филиалының жетекшісі, Мирас университетінің ІІ курс студенті Ауелбердиева Динара клубтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, пайдалы әдебиеттерді таңдай білу жолдары жайлы слайд көрсетті.

Сонымен қатар, осы клубтың қалыптасуына ұйытқы болған, әрі жетекшісі М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Құдайберген Нұрбол клубтың қалай ұйымдастырылғаны жайлы әңгімелеп, кітап оқудың пайдасы жайлы қызықты деректермен бөлісті.
Шара соңында тұсаукесерге қатысқан ОҚМУ, ОҚПУ, Мирас оқу орындарының студент жастарын клубқа мүшелікке тіркеу жүргізілді.