КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2016-11-21

«ШАМ» жас ақындар орталығының ашылуы

Бүгін, қара шаңырақ А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында, Әбілда Аймақтың бастамасымен ашылған «Мәңгілік ел» таным-тағылым, әдеби-мәдени бірлестігі аясында облыстық «ШАМ» жас ақындар орталығының ашылуы өтті. ШАМ сөзінің толық мағынасы Шабыт....Арман....Мазмұн... Яғни, шабыт шақырып, арманға жетелейтін мазмұнды орталық болады деген сеніміміз мол.

Шамшырағы енді ғана тұтанған ШАМ - ның мақсаты - жас ақындарды, жас талантты қолдау, шығармаларын насихаттау, әдебиет пен өнерге деген көзқарасын, құштарлығын қалыптастыру. Отанын сүйген, туған жерін жырлаған жас талантты ақындарды халыққа таныту. Өнегелі Оңтүстіктің әдеби державасын жастар қанатымен толықтыру.

«ШАМның» шырағын жағып, жас ақындар орталығын әдебиет айдынына еркін жүзу сапарына ақ жол тілеп, алғашқы қадамдарының тұсауын ақын Қалқаман Сарин мен Дәурен Айманбетов шешті.
Орталықтың төрағасы болып орталық мүшелерінің дауыс беруі арқылы бірауыздан жас ақын Сейітов Сүндет сайланды.

Бүгінгі кеш еркін форматтағы кездесу болды деуге болады. Жас ақындар өз шығармаларын оқып, күй тартты.
Кеш соңында Қалқаман Сарин кітапхана ұжымына алғыс білдіріп, «Құс жолындағы керуен» атты кітабын сыйға тартты.