КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2016-12-07

«Ғасыр нұры»

Қайырлы күн! «Сүйікті кітаппен селфи» атты бәйгеге өзімнің сүйікті жазушым көрнекті қаламгер Шәрбану Құмарованың «Ғасыр нұры» кітабын оқуға ұсынар едім. Ғасырлар тоғысындағы сан қилы адам өмірін жазушы кейіпкерлері арқылы уақыт белдемшесін көркем тілмен шебер ауыстыра отырып суреттеген. Шығарма желісі үлкен бір әулеттің атадан балаға жалғасқан тағдырының қайталануы


Қайырлы күн!
«Сүйікті кітаппен селфи» атты бәйгеге өзімнің сүйікті жазушым көрнекті қаламгер Шәрбану Құмарованың «Ғасыр нұры» кітабын оқуға ұсынар едім. Ғасырлар тоғысындағы сан қилы адам өмірін жазушы кейіпкерлері арқылы уақыт белдемшесін көркем тілмен шебер ауыстыра отырып суреттеген. Шығарма желісі үлкен бір әулеттің атадан балаға жалғасқан тағдырының қайталануы, өз тағдырына өзі араша бола алмаған қазақ қыздарының қиын өмірі, сондай-ақ, жастар арасындағы махаббат атты ұлы сезім аялдамасына да тоқтап, оқырманын баурап әкетері сөзсіз!...
А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК қызметкері
Ф. Кенжеева