КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2016-12-10

«Шабытыма арқау болған - 25»

Бүгін, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен, А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының үйлестіруімен «Шабытыма арқау болған - 25» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының қорытынды кеші өтті.

Осы жыр додасына төрелік еткен алқалы ақындармен бірге Исраил Сапарбай жастардың шабытына шабыт қосатын келелі сөз қозғады.
 
Еңселі еліміздің егемендігін жырға қосып, жастар арасында ақындық өнерді дәріптеу, жас өрен ақындарға қолдау көрсетуді мақсат еткен мүшәйрада Кенжетай Мұқағали І орынды, Лесбекова Ұлмекен ІІ орынды, Айнабеков Ерболат пен Сарыбаев Қанат ІІІ орынды иеленді.

Сонымен қатар, Нұрғазы Нұркен, Мұраталиева Арайлым, Жұмабай Гүлшырын, Қалшабек Бидос, Алтайұлы Бақбер ынталандыру сыйлығы және Алғыс хаттармен марапатталды.