КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-02-08

Әшірбек Сығайды еске алу кеші

Бүгін, қара шаңырақ А.С.Пушкин атындағы кітапханада баршамызға танымал, театр сыншысы, аудармашы, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Әшірбек Сығайды еске алу кеші өтті. Ұлтын сүйген, өр рухы аспанмен таласқан дара тұлға бүгінде көзі тірі болғанда 70 жасқа келер еді.

     Кешіміздің қонақтары да Әшірбек ағамыздың көзін көрген, етене жақын араласқан жандар, облысымыздың өнер, сахна, театр майталмандары Сапар Өтемісов, Мәжит Ілиясқаров, Мұқан Шәкіров, сонымен қатар Әшірбек Сығайдың шәкірттері Марат Оразметов, Тимур Ахметов және жалпы оқырман, жастар, БАҚ өкілдері болды.

     Арнайы «Өнердің алтын діңгегі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Тағдыр жолы: Әшірбек Сығай» атты бейне ролик көрсетілді.

Театр абыздары Сапар, Мәжит, Мұқан аталарымыз Әшірбек Сығайдың театр өнеріне келуі және осы саланың дамуына қосқан үлесі жайлы, сонымен қатар өз бастарынан кешірген кездесулерін айтып, естелік әңгімелерімен кешті қызықтыра түсті.
Кешке қатысушы Әшірбек ағамыздың шәкірттері Марат Оразметов пен Тимур Ахметов ұстазы туралы, алған білімдері мен өмір сабақтары, ол кісінің өнерге, театрға жанашыр, мыңнан бір туылатын ұлы адамдардың қатарына жатқызатындығы жөнінде және сондай ұстаздан тәлім-тәрбие алғандығын көпшілікке мақтанышпен жеткізді.

    Кеш соңында Марат Оразметов Әшірбек ағамыздың классикалық және халық әндерін керемет орындайтынын айта кетіп, А.Байтұрсыновтің «Аққұм» әнін орындады.
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына із қалдырған» - деп Ұлы Абай атамыз айтқандай Әшірбек Сығай ағамыз да, артына қалдырған мол мұрасы арқылы өскелең ұрпақ жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.