КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-02-27

"Туған жерді түлеткен перзент" Талғат Ысқақовпен портрет кеші

Уақыт пен тарих кеңістігіндегі өлшеммен еліміз егемен ел болғанына 25 жыл толды. Елбасының салиқалы саясатының нәтижесінде аз ғана мерзім ішінде , Қазақстан республикасын әлем танып мойындады. Ал биыл Оңтүстік өңірі үшін тағы бір тарихи кезең. Облысымызға 85 жыл. 85 жылдық тарихы бар Оңтүстік өңірі ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік аймақ.

Өнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Осыған орай, бүгін қара шаңырақ А.С.Пушкин атындағы ОӘҒ кітапханасында оңтүстік өңірінен шыққан ірі кәсіпкерлердің еңбек жолын насихаттау мақсатында, Қазақстанда теңдесі жоқ серіктестік «Бал текстиль» кілем фабрикасының директоры Талғат Жүнісбекұлы Ысқақовпен «Туған жерді түлеткен перзент» атты портрет кеші өтті.

Кәсіпкер-меценатпен болған сырласу сәтіне Қазақстанның құрметті журналисі Байдулла Қонысбек, Талғат Жүнісбекұлының туысы Ұлжан, өмірлік жары Бибідүрия ханымдар, сонымен қатар әріптестеріміз кітапхана басшылары қатысты.
Кеш барысында Талғат Жүнісбекұлының өмір жолынан алынған үзінділер көрініспен бейнеленіп, кештің басты кейіпкерінің көңілін босатты. Кәсіпкермен кездесуге келген жастар бизнес әлемінің құпиясы жайлы көкейдегі сұрақтарына көңіл толарлықтай жауап алды.

Байдулла Қонысбекұлы Талғат Ысқақовтың балалық кезеңінен естеліктер айтса, Күлия Смайылханқызы кәсіпкердің елін, жерін сүйген азаматтығына тоқталып өтті. Кітапханамен тығыз байланыста жұмыс жасайтын Республикаға танымал азамат Ермек Қалымбетов «Аллаға шүкір» әнімен көпшіліктің көкейіне үлкен ой салды. Жалпы бүгінгі өткен іс-шараның басты мақсаты Тәуелсіз елдің болашағы жастарға табысқа жетудің басты құпиясы еңбек екенін насихаттау.