КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-03-04

"Ескерткіштерге тағзым" Т.Айбергеновтың туғанына 85 жыл

А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ерекше бастамасы "Ескерткіштерге тағзым". Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығы қарсағында бүгінгі күн Төлеген Айбергенов ескерткішіне тағзым етуден басталды. Шымқаланың ортасындағы Т.Айбергенов көшесінде, ақынға арналған тақтайша жанында Әл-Фараби аудандық акімшілігі, А.С.Пушкин атындағы ОӘҒ кітапханасы жане "Шам" жас ақындар орталығының ұйымдастыруымен Т.Айбергеновтің туғанына 80 жыл толуына орай Төлеген оқулары өтті.

    Ерекше кешті Орталық көшелердің біріне Төлеген ақынның атын беруге тікелей атсалысқан Дәулет қажы Исабекұлы мен белгілі ақын Сабырбек Нұрманұлы ашты. Айбергенов көшесінің тұрғыны Нұрсұлу апай ақын жайлы естеліктер айтып, "Арыс жағасында" әнін әуелете шырқағанда қатысушылардың барлығы әнге қосылды.

    Өңірімізге белгілі талантты ақын ҚР Жазушылар одағының ОҚО филиалының төрағасы Бақытжан Алдияр, ақын Дәурен Айманбетов, "Шам" жас ақындар орталығының жас таланттары ерекше сәттің шырайын кіргізіп ақынның өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар, ақынның шығармаларынан жасақталған көрмеге қала тұрғындары үлкен қызығушылық танытты. Қамшының сабындай қысқа өмір сүрген ақын, артына жалынды жырларын қалдырды.

    Бүгінгі ақынға арналған мерекеде өлең оқыған жастарды көріп, Төлеген ақынның өзі кетсе де әдеби көшті жалғастырар жастардың бар екендігіне көз жеткіздік, танті болдық.