КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-06-02

Жұмат Шаниннің туылғанына 125 толуына орай ұлы тұлғаның рухына тағзым етіп, еске алу кеші ұйымдастырылды

Бүгін кітапханада қазақ халқының ұлттық өнерінің дамуына зор үлес қосқан актер, музыкант, жазушы-драматург, еліміздің алғашқы режиссерінің бірі Жұмат Шаниннің туылғанына 125 толуына орай ұлы тұлғаның рухына тағзым етіп, еске алу кеші ұйымдастырылды.


Бүгін кітапханада қазақ халқының ұлттық өнерінің дамуына зор үлес қосқан актер, музыкант, жазушы-драматург, еліміздің алғашқы режиссерінің бірі Жұмат Шаниннің туылғанына 125 толуына орай ұлы тұлғаның рухына тағзым етіп, еске алу кеші ұйымдастырылды.



Жұмат Шанин туралы қанша жазып-айтсақ та артықтық етпейді. Жұмат Шанин 1892 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Қазақ сахнасына «Гамлетті», Пушкин шығармаларын әкеліп сахналаған, өз замандастары Сейфуллин мен Майлиннің, Әуезовтің шығармаларын қойған кәсіби режиссер.Ол алғашында Семей қаласында «Ес аймақ» деп аталатын театр труппасын құрады. 1924 жылы оның режиссура саласындағы алғашқы еңбегі «Арқалық батыр» пьесасы қала сахнасында қойылды. 1926 жылы Жұмат Шанин оқу-ағарту Халық Комиссариатының қаулысымен Қызылорда қаласына тұңғыш кәсіби қазақ театрының режиссері әрі директоры болып тағайындалады.



Осылайша ол қазақ кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы деп танылып, есімі тарихта қалды. Оның бойындағы терең, байыпты білім, тасыған талант, алғаусыз қабілет оны өз заманының алдыңғы қатарлы тұлғасына айналдырды, замандастары, достары қызыға қарайтын беделді жан болды. Содан болар, «Қазақтың халық әртісі» атағы бірінші рет 1931 жылы Жұмат Шанинге, сосын Елубай Өмірзақовқа берілген екен.




Өз биігіне жеткен театр ешкімнің де көмегін қажет етпейді-, деп ұлылар айтқандай өз биігіне жеткен,киелі өнердің қара шаңырағы,ұлы тұлғаның есімін иеленген театр майталмандары-Өтемісов Сапар, театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі жазушы-драматург Сая Қасымбек, театр әртістері Қасенова Ғазиза, Нұртазина Ақжарқын қазақтан шыққан тұңғыш режиссер туралы тың деректер мен ғибратты естеліктер айтты.







Қазақтың қиын да ақтаңдағы көп тарихындағы нәубет жылдарда қуғын-сүргінге ұшыраған ұлт қаймақтарының бел ортасында Ж.Шанин де опат болған. Шаниндер отбасының тағдыры да қайғылы. Бірақ тыңға түрен салған тұңғыш режиссер, актер, музыкант Ж.Шанин артына рухани мол мұра қалдырды.




Жалпы бүгінгі еске алу кешіне қатысқан оқырмандар,қонақтар алаштың арда ұлы, өнердің биік шыңын бағындырған ұлы тұлға рухымен сырласып біртабан жақындағандай әсер алды.