КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-06-12

«Туған жер –алтын бесігім» атты облыстық фестиваль аясында

Облыс Әкімі Ж.Түймебаев бекіткен, «Туған жер – алтын бесігім» атты облыстық фестиваль аясында, 11 маусым күні аңызбен астасқан киелі мекен Қазығұрт ауданы, кітапханада қонақта болды.


Облыс Әкімі Ж.Түймебаев бекіткен, «Туған жер – алтын бесігім» атты облыстық фестиваль аясында, 11 маусым күні аңызбен астасқан киелі мекен Қазығұрт ауданы, кітапханада қонақта болды. Аудандық кітапхана, мәдениет бөлімі бірлесіп ұйымдастырған мәдени-рухани іс-шаралары аясында, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан педагогика академиясының профессоры, тарихшы-шежіреші Момбек Әбдіәкімұлымен «Оңтүстік тарихынан сыр» атты кездесу кеші өтті.



Өткен тарихты зерделеп, шежірені тереңінен толғап жүрген қаламгермен кездесуге зиялы қауым өкілдері, Қазығұрттық жерлестері, шәкірттері, жалпы оқырман қауым жиналды. Көпшілік, ұлт тарихынан тың деректер, ашылмай жатқан тарихи құндылықтар жайында Момбек Әбдіәкімұлының ғибратты әңгімесі арқылы көптеген мағлұматтар алды.



Қазақы қаймағы бұзылмаған Оңтүстік өлкесінің тарихы тереңде жатыр. Осы орайда, тарихшы ғалым, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, өлке тарихын терең айқындайтын 6 томдық жинақты жарыққа шығару жоспарда бар екенін айтып,бабалар аманат еткен ата мекен тарихына бей-жай қарамайтын қауымды тәнті етті.



Өткенімізді қастерлей отырып болашағымызды айқын бағдарлауға, рухымызды биіктетуге өлшеусіз үлес қосып жүрген Момбек Әбдіәкімұлына барша қауым сәттілік тілеп, ізгі ниеттерін айтты.