КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-06-15

«Ең көп оқылатын 100 кітап», «Ұмыт қалған кітаптар»,

15 маусым күні А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасы қаламыздың Орталық саябағында «Отбасылық оқу кітапханасы», «Кітап арқылы өзіңді және өзгені таны» бағдарламасы аясында «Ең көп оқылатын 100 кітап», «Ұмыт қалған кітаптар»,


15 маусым күні А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасы қаламыздың Орталық саябағында «Отбасылық оқу кітапханасы», «Кітап арқылы өзіңді және өзгені таны» бағдарламасы аясында «Ең көп оқылатын 100 кітап», «Ұмыт қалған кітаптар», «Бір ел – бір кітап» С.Торайғыров шығармалары, «Бір өлке – бір кітап» Е.Тұрысов «Тамерлан» романы, осы акция мен бағдарламалар аясында көшпелі кітап көрмелері ұйымдастырылды.





Көшпелі көрмелердің мақсаты: қала тұрғындарын, солардың ішінде әсіресе жастардың интернетке әуестену кезеңінде кітап оқуға шақыру, мәдени және білім деңгейін көтеру, отбасылық оқу кітапханасын құру, отбасылық оқу дәстүрін қайта жаңғырту, кітапхананы насихаттау.





Көрмеге «Отбасылық оқу кітапханасында» әлем балалар әдебиеті, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ой өрісін жетілдіретін кітаптар, бүлдіршіндерге арналған әндер, «Даналық әліппесі» атты инновациялық сөйлейтін қалам, «Кітап арқылы өзіңді және өзгені таны» 100 кітап аясында әлем және қазақ классиктерінің шығармалары, ұмытылған, қайта басылмаған көркем әдебиеттер, «Бір ел – бір кітап», «Бір өлке – бір кітап» акциясы бойынша жазушылардың өмірбаяндары, фотосуреттері, барлық шығармалары, жазушылар туралы естеліктер қазақ және орыс тілдерінде қойылды.



Бүгінгі көрменің аясында кітапхананы, кітапты сұрап келген адам молшылық.