КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-06-16

«Кітап рухани қазына» атты іс-шара

А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп жастардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Кітап рухани қазына» атты іс-шара өткізді.


А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп жастардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Кітап рухани қазына» атты іс-шара өткізді.



Шараға Жастар ресурстық орталығының жастар комитеті, қаладағы №4, 6 колледж оқушылары мен оқытушылары, сондай-ақ, кітапхана директорының орынбасары Р. Бабажанова және кітапхана қызметкерлері қатысты.



Бірінші кезекте кітапхана қызметкері 2017 Республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға «Жыл кітабын» таңдау бойынша Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығарламалары таңдалғандығын және ақынның шығармашылығы туралы өз баяндамасында атап өтті. С. Торайғыровтың өмірінен бейнебаян көрсетілді.



Жастардың жазғы уақыттағы демалысын ұйымдастыру туралы Жастар ресурстық орталығының мүшесі Е. Белгібаев айтып шықты.



Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу-әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі екендігін айта келе Р. Бабажанқызы өз сөзін қортындылап, жастарды кітап оқуға баули отырып, кітапханаға экскурсия жасауға шақырды.