КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-07-04

«Оқу әлеміндегі оқырман ұлт»

Бүгін кітапханада облыстық кітапханалар қызметкерлері бас қосқан келелі жиын өтті. Жиынның басты себебі, А.С.Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлерінің Астанаға барып келген сапары.


Бүгін кітапханада облыстық кітапханалар қызметкерлері бас қосқан келелі жиын өтті. Жиынның басты себебі, А.С.Пушкин атындағы кітапхананың қызметкерлерінің Астанаға барып келген сапары. «ЭКСПО-2017» аясында ҚР білім және ғылым министрлігі және ҚР Ұлттық академиялық кітапхана ұйымдастырған, ЮНЕСКО, ИСЕСКО ұйымдарының қолдауымен өткен «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» атты, кітапханашылардың Халықаралық симпозиумына кітапхана директоры Ш.Дінәсілова, кітапхана қызметкерлері Ж.Шардарбекова, З.Пернебекова қатысып келді.



Халықаралық дәрежеде өткен кеңестің басты мақсаты кітапхана беделін көтеру, оқырман санын ұлғайту,дәстүрлі кітапхана салтын сақтай отырып заманауи талаптарға сай қызметті үйлестіру. З.Пернебекова, Ж.Шардарбекова симпозиумнан алған әсерлерін жеткізіп, халықаралық жаңа тәжірибелермен таныстырды.



26 елден келген кітапхана ісінің мамандарының атқарып жатқан істерінің Қазақстандық кітапханашыларға үлгі болатын тұстары бар екендігіне, сонымен қатар отандық кітапхана ісі де қарқынды дамып келе жатқанына көз жеткіздік.



Симпозиумға келген шет елдік мамандар іс-тәжірибе алмасып бірге жұмыс жасауға дайын.



Жалпы, бүгінгі кездесудегі әңгіме: Халықаралық симпозиум, «ЕКСПО-2017» халықаралық көрмесінен алған керемет әсерлер, «Руханиятпен қауышу» яғни ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасына саяхат және «Арман қаладағы 3 күн» атты тақырыптарда өрбіп, келген көпшіліктің көңілінен шықты.