КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-01-24

«Сырлы саз саңлағы»

2018 жылдың 24 қаңтар күні сағат 15: 00-де А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК-ның оқу залында Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, танымал әнші- композитор, Бәйдібек ауданының құрметті азаматы Н.Төлегеновтың 60 жасқа толуына орай, өмірі мен шығармашылық жолын дәріптеу, жастарды ән өнерінің құдіретін айқындап, құрметтей білуге баулу мақсатында «Сырлы саз саңлағы» атты шығармашылық кездесу кеші болып өтті.


Кешке зиялы қауым өкілдері, достары, отбасы, әріптестері, кітапханашылар, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара барысында сазгердің өмірі мен шығармашылық жолы, өнерде жеткен жетістіктері мен қоғамдық негізде атқарған жұмыстары туралы кең көлемде айтылды.

Әншінің репертуарынан көптеген әндері орындалды. Бейнетаспа көрсетіліп, ол туралы арқалы ақындар жазған арнаулар мен өзі жазған өлеңдері оқылды.