КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-01-18

«Spelling bee»

2018 жылдың 17 қаңтар күні Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсетілген «Сананың ашықтығы» және Елбасының «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау мақсатында және Америка құрама штаттары мен Қазақстан Республикасының дипломатиялық қарым-қатынасының 26 жылдығына орай кітапханамыздың Шет тіліндегі әдебиеттер бөліміндегі "Американдық бұрыштың" аясында АҚШ елшілігінің қолдауымен ағылшын тілін меңгерген студент – жастар арасында Республикалық «Spelling bee» сөзді әріптеп дыбыстау байқауының өлкелік іріктеуі өтті.


Қазақстанда екінші рет өткізіліп отырған байқау қазақстандық жастар арасында ағылшын тілі мен ағылшын мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталған. Байқаудың шарты бойынша ағылшын тіліндегі сөздерді шатаспай, мағынасын мүдірмей түсіндіріп беруі арқылы қатысушылардың тілдік деңгейін анықтау болды.

 

Байқауға Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларының ЖОО мен арнаулы орта орындарының жастары қатысты. Іс – шараға қатысқан 31 үміткердің үшеуі жүлделі орындарға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. 1 орынды иеленген Шымкент қаласының тұрғындары Алматы қаласының Сүлеймен Демирел университетінің 4 курсы студенті Динара Қурақбаеваға 30 000 тг., ІІ орын жеңімпазы Азаматтық авияциялық академиясының 2 курсында оқитын студент Максим Мизитовқа және ІІІ орын жүлдегері Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 4 курс студенті Ғазиза Арынғазыға 20 000 тг. көлеміндегі сертификаттар табысталды. Жүлделі орындарға ие болған студенттер Астанада өтетін финалдық байқауға жолдама алды.