КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-08-04

«Аққұм» кітабының тұсау кесер кеші

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдап, халыққа насихаттау мақсатында кітапханада жаңадан жолға қойылған «Атамекен» жобасы аясында, бүгін, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық психология ғылымдары академиясының академигі, бірнеше мемлекеттік марапаттардың иегері, қаламы қарымды журналист, Сейдахмет қажы Ә.Байдаулетовтің «Аққұм» кітабының тұсау кесер кеші өтті.


Жазбагердің оқырмандарымен қауышқан кешіне Оңтүстіктік зиялы қауым өкілдері, жанашыр достары, үзеңгілсе жолдастары,туыстары мен бауырлары қатысты. 
Кешті көпшілікке белгілі жазушы, шежіреші,тарихшы М.Әбдіәкімұлы жүргізіп отырды. «Күнгейін Көктөбе, күншығысын Қаржан тау,теріскейін Қазығұрт тауы көмкерген Қазығұрт жері. Тау етегіндегі Аққұм ауылы. Туған жерімен сырласқан жазбагердің парасатты ойлары мен, ғибратты ой түйіндері тағы бір кітапқа жинақталып,оқырманына сапар шекен. Кітаптың аты да Аққұм деп аталады. Кешке келген көпшілік, көркем туындының,әдебиет айдынына сапарға шыққанына куә болып, С. Байдаулетовке, ізгі тілектерін айтты. Іс –шарада ауылдың бейнесін айқындап, тақырыпқа сай көрме безендірілді.