КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-08-07

«Көк аспанның қыраны»

Кітапхана жанынан құрылған «Сырласу-Альманах» жастар клубының ұйымдастыруымен №55652 Әуе базасында Авиация генерал-майоры Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигельдиновтың туғанына 95 жыл толуына орай «Көк аспанның қыраны» атты ақпараттық шолу өткізілді.


Қазақ халқының ХХ ғасырдағы қаһармандығының үлгісі, тұтас бір ерлік дәуірінің белгісіндей болған Т.Бигелдиновтің өмірі мен майдандағы ерліктері, бейбіт өмірдегі еңбектері туралы мағлұмат бере отырып, қарт қырандай болғысы келетін жас ұландардың бойына патриоттық сезім ұялату мақсатында өткізілген бұл іс-шарада баяндама тыңдалып, батыр ұшқыш жайында бейнебаян көрсетілді, подполковник Б.Сағындықов, Б.Абдрамбаев әуе базасындағы оқу-жаттығу барысын түсіндіріп, ұшақтардың қыр-сыры туралы әңгімелеп берсе, №12 М. Тасова атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының 9А сынып оқушысы С.Ақберен, ақын Д.Қалдыбайтегінің Т. Бигельдиновке арнаған «Жауға атылған жебедей батыр көкем!» атты өлеңін оқыса, №63 негізгі орта мектеп оқушылары А.Нұртаева мен Н.Оңғар «Жаным Қазақ!», 6 А сынып оқушысы М. Нұрсұлтан «Алға Қазақстан!» әндерін нақшына келтіре орындап болашақ ұшқыш сарбаздарды бір серпілтіп тастады.

 

Т.Бигельдиновтің қанатты сөздері айтылып, сарбаздарға сұрақтар қойылды. Кеш соңында көрмемен таныстыра отырып, кітапханамыздың қалың оқырманының бірі болуға шақырылды!