КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-08-10

«Абай әлемі»

Ұлы ақын, философ А.Құнанбаевтың туған күніне орай қаламыздағы Абай саябағында А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Шымкент қалалық білім бөлімінің жастардың уақытын тиімді пайдалану орталығы, ОҚО өлкелік мұражайының «Хакім Абай» мұражай бөлімі, Абай атындағы Шымкент қалалық орталық кітапханасы бірлесіп «Абай әлемі» атты ақын рухымен сырласу кеші ұйымдастырылып өткізілді.


Кешке ҚР Жазушылар одағы ОҚО филиалының басшысы Б.Алдияр, республикаға белгілі жазушы М.Байғұт бастаған ақын-жазушылар, мәдениет қызметкерлері, қала тұрғындары, оқырман жастар қауымы қатысты. Іс-шара барысында зиялы қауым өкілдеріне сөз беріліп, Абайдың қарасөздері оқылды, 
Сондай-ақ «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, орында!» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып ақынның кітаптары көпшілікке таныстырылып, насихатталды.

 

Кеш соңында қонақтардың қатысуымен жыр мүшайрасы ұйымдастырылып, алғыс хаттармен марапатталды.