КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-08-15

«Жылдарым менің жырларым»

Қаламыздағы Шәмші аллеясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы «Туған жер» бағдарламасы, кітапханалық «Ескерткіштерге тағзым» акциясы аясында, қазақ музыкасын әлемге әйгілі еткен, қазақ вальсінің падишасы жерлесіміз біртуар талант Ш. Қалдаяқовтың туылған күніне орай «Жылдарым менің жырларым» атты музыкалық сазды іс шарасы өтті.


Ұлы тұлғалардың ескерткіштерін насихаттауға арналған кештердің ұйытқысы болып журген біздің кітапхана Шәмшінің әнін сүйген, Шәмшінің көзін көрген өнерлі тұлғалармен, қала тұрғындарымен тағы бір әдемі кеш өткізді. Кеш шымылдығын ашқан белгілі сазгер, мәдениет қайраткері «Бәйдібек ауданының құрметті азаматы» Н.Төлегенов композитордың «Арыс жағасында» әнін әуелете шырқағанда кешке келген қонақтар әнді одан әрі жалғастыра кетті. Ж.Омарова атындағы саз мектебінің ұстаздары мен шәкірттерінің өнерін тамашалаған көпшілік өнер ордасының өнерпаздарына тәнті болды.

 

Шәмші аллеясында өткен кешке қолдау білдіріп келген жасөспірімдер кітапханасының, Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұжымы қатысты. Іс-шараға арнайы көрме жасақталып қала тұрғындарын қызықтыра түсті.