КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-08-15

«Жылдарым менің жырларым» атты әдеби музыкалық кеш

Еліне ән салдырған, композитор Ш.Қалдаяқов туылған күніне орай өнер бөлімі, абонемет, оқу залы бірлесіп «Жылдарым менің жырларым» атты әдеби музыкалық кеш және кітап көрмесі Шәмші аллеясында ұйымдастырылды.


 

. Көрмеге Ш.Қалдаяқовтын ән жинақтары жинақталып, кітап көрмесіне қойылды. Әдеби музыкалық кешке Шәмшінің әнін сүйген, Шәмшінің көзін көрген өнерлі тұлғалармен тағы бір әдемі кеш өткізділді. Іс – шараға жас өспірімдер, облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы және Абай атындағы қалалық кітапханасы қатысты. Сазгер, мәдениет қайраткері, «Бәйдібек ауданының құрметті азаматы» Нышан Төлегенов музыкалық кешті ашып берді және Шәмшінің «Арыс жағасында» әнін әуелете шырқағанда кешке келген қонақтар әнді одан әрі жалғастыра кетті.

Мерекелік іс – шарада №1 Ж.Омарова атындағы саз мектебінің ұстаздары мен шәкірттерінің өнерін тамашалаған көпшілік өнер ордасының өнерпаздарына тәнті болды. Ш.Қалдаяқов туылған күні қарсаңында іс – шараға қатысушылар мен жастар бір серпілтіп қойды десек артық айтпаспыз.