КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-09-06

Мәдени бірліктің басты құралы – кітап.

Қазақстан – Орта Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Елімізде 130 дан астам ұлт өкілдері татулықпен өмір сүруде.


Көпұлтты мемлекетте жасап өмір сүргеннен кейін ұлтаралық мәдени, әдеби, рухани қатынастар қоғамдағы ең маңызды мәселелердің бірі.
«Өзіңді тану үшін кітап керек, өзгені тану үшін де кітап керек»-деп атақты авар ақыны Расул Ғамзатов айтқандай, мәдени бірліктің басты құралы – кітап.


Адам кітап оқу арқылы жаңа әлемді таниды. Басқа ұлттың, басқа халықтың,басқа бір елдің, қоғамның тарихын, мәдениетін,тілін, тұрмысын, салт-дәстүрін кітап арқылы таниды, кітап арқылы үйренеді.
А.С. Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорында әлем халықтары әдебиетінің озық шығармаларымен бір қатарда шет елдердің және көршілес, бауырлас елдердің заманауи әдебиеттерін де таба аласыз.