КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-02-02

«Балалық балғын шаққа саяхат»

2018 жылдың 2 ақпан күні сағат 11:00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында абонемент және өнер секторларының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қолдауымен 2018 жылды «Бақытты балалық шақты қорғау» жылы деп жариялануына байланысты, «Балалық балғын шаққа саяхат» атты тақырыпта танымдық іс-шара болып өтті.


 

№11 А.Навои атындағы жалпы орта мектебінен келген оқушылар кітапхана әлемімен танысып, өнер бөлімінде «Сақ» киностудиясының анимациялық фильмдер жиынтығынан «Күш атасы - Қажымұқан», «Қощқар мен Теке» мультфильмдерін көріп, үлкен әсер алып, ризашылықтарын білдірді.