КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-02-06

«Алтын қорға үлес қос»

Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы негізінде кітапханалық «Атамекен» жобасын аясында, кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі мен М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының «Педагогика» кафедрасы бірлесіп, бугін институттың мәжіліс залында « Алтын қорға үлес қос» акциясын өткізді.


 

Кітапхана бастамасын өңірімізге белгілі композитор Нышан Төлегенов әсем әндерімен қолдау көрсетсе, институт студенті, «ШАМ» жас ақындар орталығының төрағасы Сүндет Сейітов бастаған жас таланттар қазақтың қара өлеңімен келген студенттерге отансүйгіштік рух сыйлады. Кеш барысында институт студенттерінің талантты өнерпаз жастары әуезді әндері мен мың бұралған билерімен қатысушы қауымға керемет көңіл күй тарту етті. 

Институт фойесінде жасақталған «Ең көп оқылатын жүз кітап» «Алтын қорға үлес қос» кітап көрмелерін тамашалаған студенттер мен ұстаздар кітапханаға міндетті түрде келіп,руханиятпен қауышып,әдебиетке деген қызығушылығын танытатындарын жеткізді. . Жалпы акция барысында кітапхана қорына жүзге жуық әдебиеттер сыйға тартылды. 
М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтымен әдеби,мәдени байланыс бұдан әрі нығая беретініне сеніміміз мол.