КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-09-11

«Әдебиет - достық көпірі»

Елбасының Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы аясында А.С.Пушкин атындағы ОӘҒК-да Қазақстан өзбектері «Дустлик» қауымдастығымен бірлескен «Әдебиет - достық көпірі» атты іс-шара өтті.


 

Екі елдің арасына дәнекер болған әдебиет пен мәдениет көпірін жалғастырушы жас ұрпақтың санасына биік шыңдарға жету үшін талмай іздену, білім алу, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізетті болуға тәрбиелеу мақсатында өткен бұл шарада жазушы, драматург, сыншы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат орденінің иегері Сәбит Досановтың «Қасқыр ұлыған түн» атты романының Мехмон Исламқұловтың аудармасындағы өзбек тіліндегі тұсауы кесілді. Іс-шараға Өзбекістан Республикасынан Ақадемик Бахтёр Назаров, педогогика ғылымының доқторы, профессор Қозоқбай Йулдошев, профессор Сувон Мелиев, публицист Азим Суюн және тағы басқа қонақтар қатысты.