КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2017-09-12

«Қазақтың ұлттық мәдениетінің Хантәңірі»

Бүгін А.С Пушкин атындағы ОӘҒК-ның ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша «Туған жер» бағдарламасы аясында ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшылардың бірі, қазақ мектебінің іргесін, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы, талантты тілші, шебер аудармашы, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен қазақтың ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсыновтың монументальды ескерткіші алдында «Қазақтың ұлттық мәдениетінің Хантәңірі» атты еске алу кеші өтті.


 

 

 

Іс-шараға ұлтжанды жастарымыз - А.Байтұрсынов атындағы №50 ші мектеп гимназиясының талантты оқушылары, №87 мектеп оқушылары, «Ақжар» орта мектебінің оқушылары мен ұстаздар қауымы, оқырмандар қатысты.