КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-02-08

«Туған жерім, қасиетті мекенім»

Бүгін Созақ ауданының құрылғанына 90 жыл толуына орай «Туған жерім, қасиетті мекенім» атты кеш өтті.


 

 

Мерейтойлық іс – шараға Мыңжасар Асқарұлы – ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, Құлыншақ Кемелұлы атындағы шығармашылық бірлестіктің төрағасы, Созақ ауданының Құрметті азаматы, Гүлнар Өмірбек – ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Үздік кітапханашы төсбелгісінің иегері, Әбдінағым Көшер – жазушы, ақын, сатирик, публицист. Сабырбек Олжабай - сатирик, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,  Мақсат Қарғабай – ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» мерекелік медалінің иегері, Ниязәлі Дүйсенбеков – Сұлтанбек Қожанов атындағы мұражай директоры, Батырбеков Сабыр Дүйсенбекұлы – Созақ аудандық орталық кітапханасының директоры. 
Cая Қасымбек драматург, ҚР Мәдениет қайраткері сияқты облыстың танымал тұлғалары мен ОҚМУ, ОҚПУ –нің студенттері және көпшілік оқырмандар қатысты. Кешке келген қонақтар Созақ ауданының тарихы туралы жеке – жеке оз пікірлерін ортаға салды. Іс- шарада ОКМУ –і «театр және өнер» факультетінің І курс студенттері Созақ ауданының тарихи тұлғаларына арнап әдеби композиция қойды.Танымдық тағылымға мол кештің оқырманға берері көп болды.