КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-02-09

«Байтасовтың байтақ әлемі»

Төрекелді Байтасов Серікбайұлының есімін ел жадында қайта жаңғырту мақсатында«Байтасовтың байтақ әлемі» атты бұрышы ашылды.


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Оңтүстіктің дара тұлғалары» атты жобасының аясында Орта Азияда тұңғыш тәуелсіз журнал ашқан азамат, «Жібек жолы» журналының бас редакторы, «Жібек жолы» баспасының бас директоры,әдебиет, тарих, ғылым бағытында 500-ден астам кітап шығарған белгілі баспагер, жалынды журналист, азаматтық абыройына дақ түсірмей өмірден өткен Төрекелді Байтасов Серікбайұлының есімін ел жадында қайта жаңғырту мақсатында«Байтасовтың байтақ әлемі» атты бұрышы ашылды. 

 

 

 

 

Айтулы шара «Байтасовтың байтақ әлемі» атты бұрыштың арнайы ашылу салтанаты өтіп, лентасын қиылудан басталды. Кейін Төрекелді Байтасовтың шығармашылығына арналған әдеби кешке ұласты. Кешті жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мархабат Байғұт тізгіндеді. Шара барысында Байтасовтың прозасынан сахналық қойылымдар, поэзиясынан үзінділер айтылып, нақыл сөздері оқылды. Төрекелді Серікбайұлы жайлы деректі фильм көрсетілді. Қоғам қайраткері, ақын-сазгер Әкім Ысқақтың Астанадан жолдаған видео құттықтауы көрсетілді. Шығармашылық кешке белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты. Жиналғандар Төрекелді Байтасов жайлы естеліктер айтып, қазақ журналистикасы мен баспа саласына сіңірген еңбегін тілге тиек етті.