КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-04-17

«Инабаттылық – тәрбиелілік бейнесі»

Бүгін кітапханада мерзімді басылымдар залының «Сырласу – Альманах» жастар клубының ұйымдастыруымен «Инабаттылық – тәрбиелілік бейнесі» атты ауызша журнал өткізілді.


 

Кештің мақсаты: жастарды адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, мейірімділік, жақсылық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтіп, адамгершілікке, әдептілікке, инабаттылыққа баулу. Кешке №120 Б. Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары,ОҚМПУ мен М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның студенттері, атааналар қатысты.

 

 

 

 

Инабаттылық - адамгершілік пен сыпайылықтан басталады. Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені деп , бірбірімен амандасып, танысумен басталған ауызша журналымыз оқушылардың түрлі сұрақтарға жауап беріп , логикалық ойындар ойнап, әдептілік туралы мақал- мәтелдер айтып, өз өнерлерін ортаға салуымен қызықты бола түсті. Кеш соңында ата-аналар сөз алып, белсенді оқушыларға сыйлықтар берілді.