КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-04-23

«Ұлттық код – ұлттық әдебиетте»

Бүгін 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ұлттық код – ұлттық әдебиетте» атты мерекелік іс – шара өтті.


 

 

Кітап мерекесіне ОҚПИ, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық жоғарғы колледжі, жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенттері мен Д.И.Менделеев атындағы № 15 мектеп лицейінің 3 «а» сынып оқушылары, жалпы оқырмандар, кітапханашылар қатысты. Кітапхана алаңында түрлі инсталляциялардан көрмелер жасақталып, бүлдіршіндер кітапханалық «Бір кітапбір сурет» жобасы аясында өздерінің оқыған кітаптарының кейіпкерлерін асфаьлт бетіне сурет арқылы түсірді. Кітапхана оқырмандары ақынжазушылардың өлеңдерін оқып, әндерін көпшілікке тарту етті.

 

 

 

Ісшара барысында студенттерге блицсауалнама жүргізіліп, қонақтар және ЖОО мен коледж мұғалімдері құттықтау сөздерін жеткізді. Мерекелік кештің соңында кітапхананың белсенді оқырмандары алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтар таратылды.