КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-05-11

«Бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңіс»

Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған майдангерлеріміз, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған «Бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңіс» атты патриоттық кеші 3 аялдамадан тұрды.


 

     1-ші аялдама «Кітапхана және ардагер». Кітапхана қызметкерлері майдангер ардагерлеріміздің шаңырағына арнайы құттықтап барған сәтінен бейне ролик көрсетілді. 2-ші аялдама «Тамұқтан тірі қайтқандар». Ол жерде әділетсіздіктің құрбаны болған майдангерлеріміздің өмірі жайлы Шымкент өңірлік мемлекеттік архивінің директоры Г. Шардарбекова және осы тақырыпта облыс деңгейінде ғылыми жобадан бас жүлде иеленген облыстық №2 Дарын үш тілде мамандандырылған мектеп интернатының оқушысы Оңландиев Жарқынбек баяндады. 3-ші аялдама «Ер есімі, ел есінде».Қ.Сыпатаев атындағы №7 мектеп лицейінің оқушылары «Оққа ұшқан Қарсыбай» көрінісін көрсетіп, батырға арнау өлеңдерін оқыды. 3-ші аялдаманың келесі бөлімінде Қ.Қайсеновтің өмір жолы айтылып, түркітанушы Сәрсенбек Сахабат естеліктерін айтты. Кеш соңында мектеп оқушылары алғыс хатпен марапатталды.