КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-05-24

«Жылқы атылған жаз» романының авторы Ырысбей Дәбей

Бүгін бізде ақын, суреткер жазушы, «Рух» халықаралық әдеби байқауының жүлдегері, «Мөлтіл», «Әкелеріміз айтатын әңгіме» атты эсселер арқылы халықтың ыстық ықыласына бөленген, кітаптары қолдан-қолға тимей, кітапхана қорына әлі жете қоймаса да, әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланып, еркін саудада ғана сатылып жүрген «Жылқы атылған жаз» романының авторы Ырысбей Дәбей қонақта болды.


 

 

Кездесуге қаламымыздың әдебиет майталмандары, БАҚ өкілдері, оқытушылар келді. Қаламгерді көзбен көріп, өзінен арнайы қолтаңба алып, һәм сұхбат алуға ат терлетіп келген оқырмандар айрандай боп дірілдеп ұйыды да қалды.
Еркін өткен бұл кездесуде оқырман қауым жазушыға көкейіндегі сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауаптар ала- алды. «Жылқы атылған жаз» романы жүрекке кіріп, оны құлазытып, бұлқан-талқан қып, тұла-бойыңды тітіркендіріп, қазақтың нәубет көрген қасіретін көз алдыңа елестетеді. Шығарма өмірдің шынайы желісімен жазылған.

 

 

 

 

Адам болмысына әсер етіп, рух беретін, мәнге толы шығармалардың қалай туғандығын автордың өз аузынан естіп, кездесуден алған əсеріміз өте керемет болды. 
Көптен күткен бұл кітап енді біздің кітапханаға да жетті. Келіңіздер, оқыңыздар!