КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-06-28

Кітапхана қызметкерлерінің біліктілікті арттыру сабағы

Кітапхана қызметкерлері ай сайын өтетін біліктілікті арттыру сабағына ерекше дайындалады. Бүгінгі сабақта кітапхана директорының орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Ж.Шардарбекова «Ұлттық код» жайлы терең ақпарат беріп, еліміздің рухани жаңғыруына әрбір қазақстандықтың атсалысып, Абайдың Толық адам идеасына жету жолдарын арнайы жасақталған схема арқылы терең мағлұмат берді.


 

 

 

 

 

Сонымен қатар, кітапхананы дамыту бөлімінің қызметкерлері сергіту сәті ретінде қызметкерлерді екі топқа бөліп, кітапхана ісіне, жалпы қоғамдағы қызықты жайттарға байланысты жасаған сканвордты ұсынып, шешімін тапқан топқа сыйлықтар берді. 
Ал, кәсіби біліктілікті арттыру сабағының келесі бөлігін А.Сопбек «Мен оқыдым,сіз де оқыңыз...» айдарында Қуантай Сатыбалдыұлының «Ақиқат мінбесі» кітабына енген «Ойға қалдырған оқиға» шығармасына шолу жасады. «Ақиқат мінбесі» кітабы кітапхана қорында бар, Біз оқыдық, Сіздер де оқыңыздар!
Сабақтың «Назар аударыңыз әріптес!» бөлімінде З.Пернебекова әр бір кітап сүйер оқырманға «кітап күтімі» жайлы пайдалы кеңестер айтты.