КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-07-01

«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра»

Қазақтың қасиетті қара домбырасымен күй орындау мәдениеті адамзаттың материалдық емес мұрасы «Қазақтың дәстүрлі домбыра күйін орындау өнері» ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгені бәрімізге аян.


    Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 12 маусымдағы қаулысына сәйкес шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық дамбыра күні деп белгіленгені өзіміздің ұлттық ерекшелігіміз арқылы танылып, рухани құндылықтарымыздың жандануына әлем алдындағы дәрежемізді көтеретіні сөзсіз. Осыған орай, бүгін А.С.Пушкин атындағы кітапханада ұлттық құндылығымыз домбыраны дәріптеу және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табуда өз үлесін қосу мақсатында «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға кітапхана қызметкерлері, №87, 120 жалпы орта мектебінің оқушылары, сонымен қатар, өңірімізден шыққан әнші, композитор Нышан Төлегенов қатысты. 

 

 

 

 

    Шара Н.Тлендиевтің «Аққу» күйімен басталды. Алғашқы сөз алған Н. Төлегенов - ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүр, мәдениетіміз соның ішінде қазақтың жүрек қылын шертетін қара домбырасының өз алдына мереке күні болғанына қуанып, оның тарихына терең тоқталып, әндер орындады. Мектеп оқушылары домбыра туралы өлеңдерін оқып, «Өрлеу» күйі тартылды. «Ұлы дала үні» тақырыбында ұйымдастырылған көрмеге қазақ халқының дәстүрлі домбыра жасау жолдары, домбыра өнері – халықтық өнер екенін дәріптейтін кітаптар мен қоса ата-бабамыздан аманат болып келе жатқан күй құдіреті мен бірге киелі аманатты ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келе жатқан күйшілер туралы кітапхана шығарған анықтамалық оқырмандарға ұсынылды. Мерекелік шара қаламыздағы дендросаябақта жалғасын табуда.