КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-07-12

Өңірлік кәсіподақтар орталығы - Кітапханада !

Бүгін А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өңірлік кәсіподақтар орталығының директор орынбасары Қ.Қожақұлы, облыстық салалық мәдениет, спорт, ақпарат қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Пірімбетұлы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.


Шараның басты мақсаты бастауыш кәсіптік одақ ұйымдарының қажеттілігі, олардың беделін арттыру, кәсіподақтардың мақсаты мен міндеттері, қазіргі таңдағы қызметі жайлы және жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы түрлі экономикалық, әлеуметтік мәселелер туралы сөз қозғалып, пікірлер айтылды. 
Жалпы мекемелердегі кәсіподақ ұйымдарының негізгі міндеті адам құқығы, жұмысшылардың мүддесін қорғау екендігі айтылды. 

 

 

Сонымен қатар, іс – шараның екінші бөлігі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында кітапханалық «Алтын қорға үлес қос» акциясы жалғасын тапты. Айта кетсек, мәдениет қайраткері, салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің төрағасы Б.Пірімбетовтің «Алтын қорға үлес» қос акциясына атсалысып, өз жеке кітапханасындағы әдебиеттердің 165 данасын кітапхана қорына сыйға тартты. 
Іс-шара соңынан көпжылғы адал еңбегі үшін кітапханамыздың қызмкеткерлері Қ.Майсупов және Ұ.Қамшыбаева салалық кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хаттармен марапатталды.