КАРТА САЙТА

|

БАЙЛАНЫС

|

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА

|

ЖАҢАЛЫҚТАР

|

ХАБАРЛАМА

|

БЕЙНЕРОЛИК

|

СУРЕТ КӨРМЕСІ

2018-08-02

«Мені құшақта»

Халықаралық XIX «Шабыт» фестивальінің лауреаты, «Әмірхан Балқыбек» атындағы сыйлықтың иегері, бірнеше жыр байқаулардың жүлдегері ақын Әлімжан Әлішердің «Мені құшақта» атты тұңғыш жыр жинағы оқырман құшағына жетті.


 

Ерекше атаумен шыққан кітаптың таныстырылым кешіне жиналған оқырмандардың санында шек жоқ. Әсіресе, жастар. 
Ақын өлеңдерінен құралған поэзиялық композиция ұсынылып, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Оңтүстіктің белгілі қаламгерлері жиналған кеште әдебиет әлеміне өзіндік мәнерімен, өзіндік дауысымен ерекшеленіп шыққан жас ақынның шығармаларына талдау жасалды. Сын айтылды. Мақтау білдірілді. Ең бастысы ақын жырларын оқырман іздене жүріп оқитындарына көзіміз жетті.

 

 

 

 

 

Елімізге белгілі ақындар Х.Есенқарақызы, Н.Бегалыұлы, Б.Алдияр, С.Нұрманұлы сынды зиялы қауым өкілдері әдебиет әлемінде ізін жалғастырушы жастардың шығып келе жатқандығын қуана жеткізді. Жас ақындар жырдан шашу шашып, ақын сөзіне жазылған әндері орындалды. Шара соңында кеш иесі өз өлеңдерін оқып, оқырмандарды жырларымен сусындатты. 
Ақын өлеңдерін оқи отырып, көңілің толқиды, мұңаясың, шаттыққа бөленесің. Ең бастысы жырлары жаныңа рухани нәр береді. Ендеше, Әлімжан Әлішердің кітабын облысымыздағы кітапхана қорларынан алып оқуларыңызға болады.